Оңтүстік Кореяда электр стансасының мұнарасы құлады

Оңтүстік Кореяда электр стансасының мұнарасы құлады: жеті адам үйінді астында қалды, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

6 қараша күні күндіз Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында жылу электр стансасы аумағындағы биіктігі 60 метрлік қазандық мұнарасының құрылысы құлап түсті.

Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, Ульсандағы бұл электр стансасы – елдің энергетикалық жүйесіндегі ең көне нысандардың бірі. Ол экологиялық таза энергия көздеріне көшу бағдарламасы аясында пайдаланудан шығарылып жатыр.

ТЭЦ турбиналарына бу өндіру үшін пайдаланылған мұнара шамамен 30 жыл жұмыс істеген және тозуына байланысты қазан айынан бастап бұзылып жатқан болатын.

Құтқарушылардың дерегінше, екі жұмысшы аман қалып, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Тағы жеті адам үйінді астында қалған, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, полиция және инженерлік бөлімшелерді қоса алғанда, жүзден астам адам жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар