Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округiнде биылғы жылы ілкiмдi iстер атқарылды. Канал тазаланып, талай жылдан берi тiрiшiлiк нәрi толық жетпеген елді мекендерге ағынды су жеткізілді. Одан бөлек, көшелерге жарық шамдар орнатылып, елдiн игiлiгiне жарауда. Ал ендi жыл аяғында ауылдардағы көшелерге шағал тас төселуде.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы