Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевпен кездесуге келген Ошақты ауылдық округі тұрғындарының 90 пайызы сапасыз жолдармен жүретіндігін алға тартып, ашынды. Бірі – шағал төсеуді сұраса, екіншісі – асфальт жолмен жүргіміз келеді деген талабын жеткізді. Ал үшіншісі – балалар мектепке баратын көшеге жаяу жүргіншілер жүретін тротуар қажет дейді. Жол азабынан әбден шаршаған ауыл тұрғындары бас қосқан жиынға біздің арна тілшілері де қатысып қайтты.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Асан Қазақбаев