Қыркүйек айының екінші жексенбісінде елімізде дәстүрлі түрде аталып өтетін Отбасы күніне орай, Сарыағаш ауданының Дербісек ауылында ерекше форматтағы шара ұйымдастырылды. «Отбасы – өмір аясы» атты облыстық спорттық сайысқа Түркістан облысының түрлі өңірлерінен жас отбасылар жиналып, бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетті. Іс- шараның басты мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттау.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас





