Сарыағаш ауданында Халықаралық отбасы күніне орай ерекше мерекелік қабылдау өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев көпбалалы, үлгілі және жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасылармен кездесіп, мерекемен құттықтады. Іс-шарада отбасы институтының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы айтылып, оны қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы