2025 жылы Сарыағаш қаласында тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, қалада көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, гүлдер мен арша ағаштары отырғызылды, сондай-ақ маңызды көше мен аймақтарда жарықтандыру жүйелері жаңартылды. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру үшін Шәмші гүлзары маңындағы жатақхана ауласына балалар ойын алаңы салынды, ал 28 көше түнгі жарықпен қамтамасыз етілді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





