Оралда заңсыз микрокаржылық ұйым әшкереленді: 128 млн теңге табыс тапқан

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

ҚМА-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласында заңсыз несие беру дерегі бойынша тергеу жүргізуде.

Тергеу нұсқасына сай, «Аванс 07» ЖШС басшысы лицензиясыз азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, қарыз беруді ұйымдастырған.

Аталған қызмет «Уральск Золото» комиссиондық дүкені ретінде бүркемеленіп жүзеге асырылған. Қарыздар комиссиялық келісімшарттар арқылы рәсімделіп, пайыздық төлемдер «сақтау қызметі» ретінде көрсетілген.

Нәтижесінде 2000-нан астам несие беріліп, заңсыз табыс көлемі 128 млн теңгеден асқан.

Соттың санкциясымен күдіктінің автокөлігіне және 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол қаражатқа тыйым салынды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар