Биыл Келес ауданындағы Әшірәлі Кенжеев мәдениет үйінің жанындағы «Келес» халық театрының құрылғанына – 45 жыл. Сондай-ақ облыстың және Келес ауданының қайта құрылғанына да бес жыл толуына орай, облыстық фестиваль өтпек. Аталған шараға барша аудандардағы халықтық театр атағы бар ұжымдар қатысып, қойылымдар қояды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас