
«Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарымен күрес бойынша мақсатты жұмысты жалғастырып, жастарды заңсыз айналымға тартуға жол бермеуге ерекше назар аударады.
Тек соңғы 10 күн ішінде полиция қызметкерлері әртүрлі есірткі қылмысымен айналысқан 14 адамды ұстады. Есірткіні жасырын қойып кетуші мен буып түюшіден бастап, ірі синтетикалық есірткі өндірушілерге дейінгі толық тарату арналары анықталып, жабылды. Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінің жанында 38 жастағы ер адам ұсталды.
Ол интернет-дүкенде курьер-буып түюші ретінде жұмыс істеген. Ол синтетикалық есірткілерді еліміздің әртүрлі өңірлерінен, соның ішінде Алматы облысынан алып, жасыру арқылы сатқан. Ұсталған кезде ер адамнан 2 келіге жуық альфа-PVP тәркіленді.
Дереккөз: Polisia.kz


