
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабсимен кездесу өткізді.
Экономикалық ынтымақтастықтың неғұрлым әлеуеті зор бағыттары, атап айтқанда қаржы саласы мен қоржындық инвестицияларды тартудағы өзара іс-қимыл талқыланды.
Оман тарапы Астана халықаралық қаржы орталығын және Қазақстанның басқа да қаржы институттарын құру тәжірибесі мен қызметіне ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Оман Қаржы министрінің биылғы мамыр айында Қазақстанға алдағы сапарын дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-Оман инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі