
Бірнеше ай бұрын көршілер арасында болған жанжалдың соңы айыппұл салумен және моральдық залалды өтеу міндетін жүктеумен аяқталды.
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық сотында Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің жұбайына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол екі әйелге күш қолданып, дене жарақатын келтірді деп айыпталған. ️
Сот айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған құқық бұзушылық жасалған кездегі мөлшер бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 393 200 теңге айыппұл салынды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


