Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың жұбайы екі әйелді ұрды деген күдікке ілінді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Қарағандыда екі тұрғын Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің жұбайымен болған жанжалға қатысты полицияға арызданды.

Әйелдердің айтуынша, боксшының жұбайы Майқұдықтағы пәтерлеріне келіп, атасына қатысты мәселе бойынша наразылық білдірген. Оқиға барысында сөзге келіп, олардың бірі шашынан тартып, қол көтергенін айтты. Жанжалға әйелдің атасы да араласқан.

Екі тарап та құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда боксшының жұбайы өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, бұл оқиға спортшының атын пайдаланып назар аудартуға бағытталған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қарағанды облысы полициясы сотқа дейінгі тергеу басталғанын, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Дереккқөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp