Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округі тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру мақсатында жыл сайын әлеуметтік нысандар салынып, көшелер жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, Қияжол елді мекені Қаңағат көшесіне 1,8 шақырым электр желісі бағаналары және 1 дана трансформатор, Құйған елді мекені Шекара, Балықшылар және Қазына көшелеріне жалпы 3 шақырым электр желісі бағаналары мен 2 дана трансформатор орнату жұмыстары атқарылуда. Осы және басқа да ақпараттарды аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ақтөбеліктермен өткен кездесуде мәлімдеді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас