
Құжат азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, нотариат жүйесін цифрландыруға және атқарушылық жазба рәсімін реттеуге бағытталған.
Негізгі өзгерістер:
- нотариатқа мемлекеттік бақылау күшейтіледі;
- қызметтерді онлайн форматта көрсету кеңейеді;
- атқарушылық жазба тек борышкердің тіркелген жері бойынша рәсімделеді;
- борышкерлерге SMS және eGov арқылы міндетті хабарлама жіберіледі;
- микроқаржы ұйымдары мен жеке сот орындаушыларымен ықтимал байланыстарға шектеу қойылады;
- заң бұзушылықтар үшін нотариустардың жауапкершілігі күшейтіледі.
Баяндаманы оқыған депутат Нұрсұлтан Байтілесов.
Дереккөз: 24kz


