Не болды? Мессидің әлем чемпионатына қатысуы үлкен сұрақ астында

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

«Аргентиналық Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін»,-деп хабарлайды Sports24.kz.

El Chiringuito TV-нің хабарлауынша, «Интер Майами» сапында өнер көрсететін 38 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушының жазғы мундиальға қатысуы үлкен күмән тудырып отыр.

Дереккөздерге сәйкес, Леоның Аргентина құрамасының әлем чемпионатына арналған соңғы тізіміне енуі әзірге нақты емес, әрі 2026 жылғы әлемдік доп додасында Мессиді көреміз деп ешкім кепілдік бере алмайды. Бұл жарыс оның соңғы чемпионаты болуы ғажап емес.

Футбол әлеміндегі жас шамасына сай жастың ұлғаюы мен жарақаттар сериясы Леоның АҚШ-та өтетін әлем чемпионатында ұлттық құраманың жейдесін киюіне кедергі келтіруі мүмкін.

Бұған дейін Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони Лионель дұрыс шешім қабылдап, әлем чемпионатына баратынына үміт білдірген еді.

Месси ұлттық құрама сапында 2005 жылы дебют жасап, содан бері 198 матч өткізіп, өз елінің намысын қорғап, 116 гол соққан.

Айта кетейік, бұған дейін Lego компаниясы әлем чемпионатына арналған жарнама жасап, оған Месси, Роналду және Винисиус та қатысқан болатын.

Дереккөз: Sports24.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp