Несие алуға неке куәлігі керек пе?

Өткен жылдың соңында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы фермерлерді қолдау мақсатында «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы төмен пайызбен несие беруді қолға алған болатын. Келес ауданының Бозай, Жамбыл және Бірлік ауылдық округтерінен 54 шаруа несие алуға өтініш тастағанмен, олардың бірқатары артық қағазбастылықтың салдарынан қажетті қаржыны әлі де алып үлгермеген. Бозайлық шаруалардың айтуынша, жем-шөп алуға қажетті несиепұл 20-30 күннің көлемінде берілмесе, көкке ілінген соң, төмен пайызды несиенің түкке де қажеті болмай қалатын көрінеді.

Авторлар: Нағима Әбдірахым, Айдос Дәулет

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар