
Есірткі – бір сәттік қызық үшін бүкіл өмірді құртып жіберетін қауіпті жол. Ол адамды тәуелді етеді, ақыл-есін әлсіретеді, денсаулықты жояды және қоғамнан оқшаулайды.
Есірткі заттарын қолдану және тарату – заңмен қатаң тыйым салынған қылмыс. Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыр жаза, бас бостандығынан айыру шаралары қарастырылған.
Өмірдің шынайы құндылығы – таза сана, мықты денсаулық және айқын мақсат.
Зиянды әдеттен алыс болыңыз, спортты, еңбекті, білімді таңдаңыз.
Есірткіге «жоқ» деу – өз болашағыңды қорғау!
Салауатты өмір – дұрыс таңдау!
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен





