НАТО Польшаның әрбір қарыс жерін қорғайды – Рютте 

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Euronews-тің жазуынша, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Варшаваға қолдау білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол бұл пікірді Ресей зымырандарының құлауына қатысты айтты. Польша астанасына барған ол бұл оқиғаны «қауіпті инцидент» деп атады.  НАТО Польша аумағын қорғауға дайын. Марк Рютте сапары қарсаңында Ресейге тиесілі нысандар Польшаның әуе кеңістігін бұзғанын айтты. 

НАТО-ның Еуропадағы күштерінің қолбасшысы альянстың тежеу және қорғаныс жүйесіне төнетін қауіптердің нақты қай жерде орналасқанын анықтау үшін бар күшін салатынын жеткізді. Қажет болса, қорғаныс жүйесіне тиісті өзгерістер енгізілмек. 

Жұма күні таңертең Ресейдің 2 зымыраны мен бір ұшқышсыз ұшу аппараты Польша аумағына құлаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Маңызды инфрақұрылым нысандарына да зақым келмеген.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар