
Бұған дейін нысан экс-президентке қарасты қордың меншігінде болған.
Резиденция ресми түрде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіреді. Сарайдың қазіргі иесі – экс-президенттің жиен немересі Нұрәлі Әлиевке қарасты «Service Engineering Group» деген компания.
Жылжымайтын мүліктің Нұрәлі Әлиевтің қарамағына қандай шартпен ауысқаны белгісіз.
Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 миллион доллармен 39-орынға жайғасқан.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


