
Бұл сұраққа Сенат төрағасы өзі жауап берді. Оның айтуынша, бұл сөздердің ешқандай негізі жоқ.
«Кадрлық шешімдер жаңа Конституция қабылданған соң ғана қаралады. Тағайындаулар оның нормаларына сай жүзеге асады. Бұл президенттің құзыретіне кіретін нәрсе», – деді Әшімбаев.
Ол вице-президент лауазымы жайлы пікір білдіру орынсыз екенін айтты.
Сонымен қатар, Сенаттың өкілеттігі тоқтатылған жағдайда да, ел игілігі үшін “кез келген бағытта” жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


