«Мәселені шешіп беремін» деп 25 млн теңге алған

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Шымкентте өзін орган қызметкерімін деп таныстырған азамат алаяқтығы үшін ұсталды. Бұл туралы satmedia.kz тілшісі ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам өзін күштік орган қызметкері ретінде таныстырып, «мәселені шешіп беремін» деген сылтаумен 25 млн теңге алған.

Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті өзін экономикалық тергеу қызметінің қызметкері ретінде көрсеткен азаматтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйек айында ол жергілікті компаниялардың бірінің басшысын алдап, 25 млн теңгені иемденген.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қаражат медициналық мекемені тексерілуге жататын субъектілер тізімінен шығарып беремін деген уәдемен алынған», — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Дереккөз: ҚР Қаржы мониторингі агенттігі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар