Сарыағаш ауданының Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Мәдениет елді мекенінде көптен күткен қуанышты күн. Ауыл тұрғындарының игілігі үшін заман талабына сай бой көтерген жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл – елді мекеннің рухани өміріне серпін беріп, өнер мен мәдениеттің өркендеуіне жол ашатын маңызды нысан.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас





