Бірнеше ұлттың өкілі бір үйдің баласындай мекен ететін Жартытөбе ауылдық округі дарынды тұлғалардан кенде емес. Солардың бірі – Бостандық ауылдық мәдениет үйінде 40 жылға жуық еңбек етіп, өнерлі жандарға басшылық жасаған Балқожа Аюпов. Өмірінің 50 жылын мәдениет саласына арнап, талай жасты жарыстарға дайындаған өнер майталманы құрметті демалысқа шығып, тізгінді тағы бір талантты азаматқа тапсырды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Айдос Дәулет