Моңғолия Қазақстанмен қорғаныс саласын дамытуға мүдделі

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Қорғаныс министрі Батлут Дамбамен кездесті.

Д. Батлут Моңғолияның қорғаныс саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниеттігін айтып, екі жақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару мүмкіндігіне сенім білдірді.

Өз кезегінде, А. Сейтақынов Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қорғаныс саласындағы байланыстарды дамыту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, қазақстандық тараптың барлық перспективалы бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.

Тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу мүмкіндігі мен әскери ынтымақтастықты кеңейту перспективалары бойынша пікір алмасты.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар