Келес ауданы әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тұрғындармен кездесуінде Жүзімдік ауылындағы монша нысанына қатысты мәселе көтерілген болатын. Ауыл тұрғындары моншаның талапқа сай жұмыс істемей отырғанын айтып, әсіресе кәріз суларының қолайсыздық туғызып жатқанын жеткізіп, мәселені шешуге ықпал етуді сұраған.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





