
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 24–27 қыркүйекте Словакияның Братислава қаласында өтетін Nepela Memorial халықаралық турниріне қатысады.
Дода — 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger Series кезеңдерінің бірі. Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетеді. Бұл оның жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарысы болмақ.
Айта кетейік, спортшы 2026 жылғы Милан–Кортина-д’Ампеццо Олимпиадасында 291,58 ұпай жинап, чемпион атанған.
Дереккөз: 24kz


