Бұқаралық ақпарат құралдарынан көргендеріңіздей, кей өңірлерде жағдай мәз емес. Әлдебір сыртқы арандатушылардың кесірінен Шымкент, Алматыда орналасқан стратегиялық маңызы бар нысандардың ту-талақайын шығарған. Осы ретте ауданымыздың көнекөз қариялары өңір тұрғындары мен қонақтарынан сабырға келіп, парасаттылықпен іс-әрекет жасауға, ел ішіне іріткі салуға тырысқан тараптардың сөзіне ермеуге шақыруда.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы