Мерц Зеленскийді G20 саммитіне шақыруды ұсынды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Германия канцлері Фридрих Мерц Ресей басшысы Владимир Путин АҚШ-тағы G20 саммитіне келетін болса, кездесуде басты назар Украинаға аударылуы керек екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жағдайда Украина президенті Владимир Зеленский де келіссөз үстелінде отыруы қажет.

Ол үшінші елдердің Украина тағдырын елдің өзін қатыстырмай талқылауы дұрыс емес деп санайды. Мұндай пікірталастар атысты тоқтатуға және Киев бойынша бейбіт келісім жасасуға алып келуі тиіс, дейді канцлер. Сонымен бірге ол кез келген қабылдаушы тараптың кімді шақыратынын өзі шешуге құқылы екенін де атап өтті.

Өз кезегінде, Германия канцлері Мәскеуді азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндірді деп айыптады. Ресей Қара теңізде шабуыл жасай отырып, жағдайды одан әрі ушықтыру қаупін тудырып отыр, дейді ол.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар