Келес аудандық Әшірәлі Кенжеев атындағы мәдениет үйінде көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана – бәйтерегі өмірдің» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, ардақты аналар мен қыз-келіншектерді төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, мерекеге арнап ауқымды концерттік бағдарлама қойылды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы