Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Президент оған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы бірқатар маңызды міндеттерді табысты шешу үшін британиялық менеджермен ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Дереккөз: Ақорда

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp