Мемлекет басшысы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасын қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді. Сондай-ақ Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екеніне тоқталды.

Тәжікстан Парламенті жоғары палатасының спикері қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізді.

Рустами Эмомали Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, халықтарымыздың игілігі үшін екі елдің парламенттері арасында конструктивті және іскерлік байланыстар жолға қойылғанына назар аударды.

Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқаны айтылды.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар