23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мерекелік жиын өтті. Салтанатты шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысып, кәсіби мерекенің маңызы кеңінен насихатталды. Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген мамандарға құрмет көрсетілген басқосу ерекше көңіл-күйде өтті.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбаұлы





