4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Сарыағаш қаласында орналасқан «Мемлекеттік рәміздер» алаңында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шарада Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, мәслихат депутаттары, зиялы қауым,белгілі спортшылар, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Дереккөз: Әсел Әбдібек, Нұрдәулет Жолбарыс