Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Келес ауданына келіп, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ескіқорған елді мекеніндегі білім беру нысандарының жай-күйімен танысты. Сапар барысында ол №45 бастауыш мектептің қазіргі жағдайын аралап көріп, елді мекенде жаңа мектеп салу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың баяндамасын тыңдады.
Автор: Мейірхан Бақытжанұлы




