
20 адам жарақат алды. Полицияның мәліметінше, дүйсенбіде тапаншамен қаруланған 14 және 15 жастағы екі оқушы Филиппиндегі Таклобан қаласында орналасқан San Jose National High School мектебінде оқ жаудырған.
Күдіктілер ұсталды. Күдіктілер де, құрбандар да осы мектептің оқушылары болған.
Полиция жараланған 20 адамның 15-і оқ жарақатын алғанын хабарлады. Олардың арасында басына оқ тиген және ауруханада жатқан оқушы да бар. Қалғандары қауіптен қашып бара жатып, терезеден секіріп немесе құлап жарақат алған.
Дереккөз: 24kz


