Сарыағаш қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Қала әкімшілігінің бастамасымен өткен шара ерекше форматта өтіп, балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Игі акция аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешектер табысталды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрдәулет Жолбарыс