Киелі Келес ауданында мекеме қызметкерлерінің барлығы дерлік ұлттық киім киіп, салт-дәстүрді дәріптеді. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қызықтан қалыс қалмай торқалы тойды кең көлемде тойлады. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев елмен бірге болып, Наурыз мерекесін ұлттың ортасында қарсы алды. Аудан әкімінің қатысуымен өткен шараларда әріптесім Фариза Мүсілім болып қайтқан еді. Көрген-білгенін, ойға мықтап түйгенін сіздер үшін тілге тиек етеді.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Айдос Дәулет