Ел мүддесін, болашақ қамын бір сәт естен шығармаған Дінмұхамед Қонаевтың туғанына биыл 114 жыл толып отыр. Осыған орай Сарыағаш аудандық орталық кітапханасында «Ғасырлар тоғысындағы – ұлы тұлға» атты тағылымды жиын болып өтті. Мақсаты: Дінмұхаммед Қонаевтың ел тарихындағы ерекше орны мен қызметін жас ұрпаққа таныту. Еліне елеулісі, халқының қалаулысы атанған тұлғаның өмірінен сыр шертетін алдағы бейнематериалға кезек берсек.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрдәулет Жолбарыс



