«Манчестер Сити» Энцо Фернандесті 146 млн еуроға сатып алды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Аргентиналық жартылай қорғаушы Энцо Фернандестің «Челсиден» «Манчестер Ситиге» ауысуы Англия Премьер-лигасындағы ең қымбат трансферлердің біріне айналды. Келісім құны 146 млн еуро болды. Трансфер туралы ақпаратты журналист Фабрицио Романо жариялаған. Фернандестің трансфері 125 млн фунт стерлингке, яғни шамамен 146 млн еуроға бағаланған.

Фернандестің ауысуы Англия Премьер-лигасының рекордын қайталады. 2025 жылы «Ливерпуль» швед шабуылшысы Александер Исак үшін «Ньюкаслға» шамамен 146 млн еуро төлеген еді.

Аргентиналық жартылай қорғаушы «Манчестер Сити» тарихындағы ең қымбат ойыншыға айналды.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар