КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТОЛЫҚ ҚОЛДАДЫ

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шарада Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Залда Қазақстанның барлық өңірінен келген мыңға жуық көшбасшы әйел – білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік салаларының және азаматтық сектордың өкілдері жиналды. Іс-шара аясында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдум талқыланды.

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясының Жетекшісі Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтіп, ел Президентінің әйелдер қауымының жұмысқа өте ұқыпты, әр іске тиянақты, жауапкершілікпен қарайтыны арқылы ерекшеленетіні, сондықтан оларға ең сезімтал әрі әлеуметтік маңызы жоғары салалар тапсырылатыны туралы айтқан сөзін еске салды.

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Кездесуге Түркістан облысынан «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты, Әйелдер қанатының өңірдегі жетекшісі Қалыйма Жантөреева бастаған 30 көшбасшы әйелді қатысты.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp