Қыстың қаһарынан құтылып, көктемнің шуақты күндеріне жеткен қазақ халқы бұрыннан Көрісу күнін тойлап келеді. Тәуелсiздiк жылдарынан бастап аталған дата мемлекеттің батыс аймақтарында тойланса, ендi, мiне, күллi ел осы бір мерекені ерекше атап өтіп жатыр. Құркелес ауылдық округінің қарт әжелері мен аналары да мәдениет үйінде бас қосып, көрісудің көркін келтірді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Аман Асылбек