Сарыағаш ауданында соңғы жылдары инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Солардың ішінде ең маңызды салалардың бірі — жол жөндеу мәселесі. Аудан бойынша қала, кент және ауылдық округтерге қарасты көшелер кезең-кезеңімен жөнделіп, асфальт төсеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл, өз кезегінде, тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдай жасап, көлік қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас