Жылға ауылдық округіне қарасты, Қарақалпақ елді мекенінің тұрғындары қуанышқа кенеліп отыр. Себебі ауылға ұялы байланыс телефонының антеннасы орнатылып, тұрғындар ұялы байланыспен қамтылды. Жалпақ жұрттың шаттығын тілшіміз барып көріп қайтқан болатын.
Стендап
Иә, осылай. Осыған дейінгі бірнеше жаңалықтарымызда Жылға ауылдық округіне қарасты, Қарақалпақ елді мекенінде ұялы байланыстың жоқтығын айтқан болатынбыз. Ал, бүгінгі күнде ауыл азаматтары ерекше қуаныш үстінде. Өйткені ауылға ұялы байланыс телефонының антеннасы орнатылды.
Жақсыгүл Әлменова, Қарақалпақ ауылының тұрғыны
«Сарыағаш, Түркістан сынды жан-жақтағы туған-туыс, дос-жарандармен хабарласа алмайтынбыз. Ал, енді жақсы болды. Үйде отырып-ақ, Қазақстанымыздың түкпір-түкпіріндегі таныстарымызбен байланысып жатырмыз»,-дейді тұрғындар.
Оразәлі Лесбеков, Қарақалпақ ауылының тұрғыны
Нұржан Бименов, Қарақалпақ ауылының тұрғыны
Қарақалпақ ауылының жергілікті жандары осы игілікті істің жүзеге асуына мұрындық болған барлық азаматтарға, ауыл әкімшілігі, аудан әкімдігінің халықты қолдауына дән ризалығын, рақметін айтуда.
Авторлар: Қуаныш Құлмырзаев, Айдос Дәулет
Материалдарды толық және ішінара көшіріп алуға тыйым салынған. Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, ресурсқа сілтеме беріңіз.