Алпамыс батыр ауылдық округіне қарасты Ақжол ауылының 2006 жылғы мектеп түлектері биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуын ерекше форматта атап өтті. Туған жерге деген құрмет пен азаматтық жауапкершілікті басты орынға қойған түлектер, ауылдың көркін арттыру мақсатында бос жатқан аумақты абаттандырып, естелік аллеясын салып берді.
Авторолар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы



