
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында елімізде жүк тасымалдайтын отандық әуе компаниясын құру жөніндегі шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Біз Қазақстанға шетелдік әуе компанияларын әкелу, сондай-ақ транзиттік жүк рейстерінің санын арттыру мақсатында авиаотын бағасын барынша тиімді еттік. Мемлекет басшысы жүк тасымалдайтын отандық әуе компаниясын құруды тапсырды. Бұл жоба қазіргі таңда жүзеге асырылып жатыр. Биыл қазан айында алғашқы жүк борты Қазақстанға жеткізілуге тиіс. Көлік министрлігі осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын»,
— деді Олжас Бектенов.
Дереккөз: Primeminister.kz


