Көлік министрлігінің екі шенеунігі 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

ҰҚК мәліметінше, Көлік министрлігінің екі шенеунігі ауыр жүк көліктерін белгіленген салмақ нормасынан асырып өткізу үшін кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам ақша алған.

Күдіктілердің бірі – Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, екіншісі – Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.

Екеуі тамыз айында ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар