Сарыағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жол бойында автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге көліктегі өрттің алдын алу жөнінде арнайы жаднама парақтарын таратты. Мұндай шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту. Қызметкерлер жүргізушілерге өрттің жиі шығу себептерін түсіндіріп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану жолдарын көрсетті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрдәулет Жолбарыс





