25 қазан – Республика күні еліміздің барлық өңірінде ерекше салтанатпен аталып өтуде. Осы мерейлі күнге орай Келес ауданының Абай ауылында жаңа Рәміздер алаңы ашылды. Бұл нысан – елдіктің символы, Тәуелсіздіктің тұғыры мен бірліктің белгісі. Ашылу салтанатына аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, ардагерлер, зиялы қауым және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрболат Еркін




