Көкшетауда қазақ әндерін қорлаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиға өткен жылдың соңында қаладағы шаштараздардың бірінде болған. Салон қызметкерлерінің арасында залда қойылатын әндерге байланысты мәселе туындаған.

Алмагүл Әлиеваның айтуынша, мекемеде тек орыс, түрік және грузин тіліндегі әндер қосылып жүрген, ал қазақ тіліндегі әндерге орын берілмеген.

«Мен қазақша ән қосу үшін пультке бардым. Әріптесім: «Жоқ, қажеті жоқ, біз мұндайды тыңдамаймыз» деді. Дегенмен мен қосып, кетіп қалдым. Клиенттерім кеткен соң, әнді неге өшіріп тастағанын сұрадым. Ол: «Мен саған айттым ғой, біз мұндайды тыңдамаймыз. Мұны кім тыңдайды?» деді», – дейді әйел.

Оқиғадан кейін Әлиева полицияға арыз жазған.

Қазақ әндерін балағаттаған әйелге қатысты “әлеуметтік, ұлттық, туыстық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру” дерегі бойынша тергеу басталған.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp