Дәстүрге айналған үрдіс бойынша аудан әкімінің кезекті есептік кездесуі Көктерек кентінде жалғасын тапты. Арман Айдарұлы, ең әуелі, өңір ахуалын барлады. Өңірдегі білім ұясының қысқы маусымға дайындық барысы тексерілді. Сондай-ақ Көктерек кентіндегі сапалы электр энергиясымен қамту бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын пысықтады. «Барлық шаралардың уақтылы орындалуы қатаң бақылауда», дейді әкім. Десе де, әкіммен жүздесуге жиылған тұрғындар әлі де түйткілді проблемалардың шешілмей жатқанын айтып, дабыл қақты. Уәж тыңдалды, әкім жауаптыларға тапсырма жүктеді. Сонымен, әкімнің іскерлігі сыналатын кезеңге көктеректіктер қандай баға берді? Міндеттелген тапсырмалардың орындалуы өңірдің алға қарай жылжуына мүмкіндік береді ме? Тілші жалғастырсын.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Ережеп Тұрғынбайұлы